Жалға берілетін 13 мыңға жуық пәтер тексерілді

702

Әкімшілік полиция ұйытқы болған "Учаске" жедел-алдын алу іс-шарасына 13 мыңнан астам полиция қызметкері мен 1 мыңнан астам волонтер қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Жалға берілетін 13 мыңға жуық пәтер тексерілді

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораздың айтуынша, шара шеңберінде полиция қызметкерлері 900 мыңға жуық пәтер мен жеке үйлерді аралап, 55 мыңнан астам саяжай мен 14 мыңға жуық шаруа қожалығына барды. 

"Жалға берілетін 13 мыңға жуық пәтер тексерілді. Мемлекеттік кірістер органдарында тіркелмеген тұрғын үйді жалға берудің 3 мыңға жуық фактісі анықталды", – деді ресми өкіл. 

Оның сөзінше, тұрғылықты жері бойынша 33 мыңнан астам азаматтық қару иесі тексерілді. Атыс қаруын сақтау және алып жүру ережесін бұзудың 500-ге жуық фактісі тіркелді.

"Операция басталғаннан бері полиция қызметкерлері 87 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың, оның ішінде 2 мыңға жуық ұсақ бұзақылықтың, тұрмыста 2 мыңнан астам құқық бұзушылықтың, 15 мыңнан астам көші-қон заңнамасын бұзудың жолын кесті", – деді Нұрділдә Ораз. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу