Елімізде жайылым тапшылығы сезіледі. Қазірдің өзінде мал өрісіне 27 млн га жер қажет. Ауыл шаруашылығы министрлігі осы мәселені шешу жолын қарастырып жатыр, деп хабарлайды 24.kz.
"Жаңа заң жобасы дұрыс жол нұсқауы тиіс", - дейді мамандар.
Мысалы ауыл шаруашылығы жерін жалға беру тәртібі бекітіледі. Жалға беру конкурстық негізде жүзеге асырылады. Барлық мәлімет бұқаралық ақпарат құралдарында, әкімдіктердің және ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайтында жарияланады. Жалға берілген жердің қалай пайдаланылып жатқаны тексеріліп, жыл сайын мониторинг жүргізіледі.
"Суармалы жерге 3 жылда бір, егістік жерге 5 жылда бір рет мониторинг жүргізіледі. Бұл енді тиімді пайдалануды қатты бақылау деп есептейміз. Өйткені қазір жердің құнарлылығын көтеруіміз керек. Оның барлығы аталған шартта көрсетілген. Мониторинг көрсеткіштері мынадай болып есептеледі. Оның егіннің деңгейін сақтауы, ауыспалы егістік қолдануы, жерді арам шөптің басып кетпеуін бақылауы, сонымен қатар жерді қорғау шараларын жүргізу", – дейді Жер ресурстарын бақылау комитеті төрағасының орынбасары Гүлжахан Бимендина.