Жалға берілгенімен сатылмайтын үйлер мәселесі Парламентте талқыланып жатыр

709

Бұл туралы үкімет отырысында Индустрия және инфрқұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Жалға берілгенімен сатылмайтын үйлер мәселесі Парламентте талқыланып жатыр Фото: primeminister.kz

"Шынында да халық арасында қазір осы мәселе көп талқыланып жатыр. 2017 жылға дейін біз жалға берілгенімен, сатып алуға рұқсат етілетін үйлерді салғанбыз. 2017 жылдан бастап жалға берілгенімен сатылмайтын үйлерді салып бастадық. Қазір заң жобасы Парламентте талқыланып жатыр. Жұмыс тобында депутаттар да осы мәселені  көтерді. Соны талқылап, бір оң шешімге келеміз деп ойлап отырмыз. Осы заң талқыланғанда осы мәселені қарастырып, нақты шешім табуға тырысамыз", – деді министр.

Премьер-Министр Әлихан Смайылов "Нұрлы жер" бағдараламасы бойынша салынған арендалық тұрғын үйді сатып алуға салынған тыйымның заңнамаға қайшы тұстарын реттеуді тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу