Жалға беру ақысынан босатылған бизнес иелері 200 млн теңге үнемдейді

836

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры карантин барысында кәсіпкерлерге жасалып жатқан жеңілдіктер туралы айтып берді. 

Жалға беру ақысынан босатылған бизнес иелері 200 млн теңге үнемдейді Фото: Мария Матвиенко

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықовтың айтуынша, Алматыда 100-ден аса ірі сауда орталығы жұмыс істеуде.

"Мәселен, Мega сауда-орталықтары желісі дүкен иелерін карантин уақытында жалға беру сомасын төлеуден босатты. Одан басқа бұл бастаманы тағы бірнеше сауда-ойын-сауық орталықтары қолдады. Сонымен қатар Мемлекет басшысы 3 айға мемлекеттік және квазимемлекеттік кеңселерді пайдаланып отырған кәсіпкерлік субъектілерін үш айға жалға алу ақысын төлеуден босатты. Осының нәтижесінде бір ғана Алматы қаласындағы кәсіпкерлік нысандар 200 млн теңге үнемдейді", – деді Нариман Әбілшайықов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу