Жалған 5000 теңгелік банкноттар жиі анықталып жатыр

2928

Ұлттық банк халықты қырағы болуға шақырады.

Жалған 5000 теңгелік банкноттар жиі анықталып жатыр

Қазақстан Ұлттық банкі 2011 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік қолдан жасалған банкноттардың анықталу жағдайларының жиілеп кеткені жайында хабарлады.

Қолдан жасалған банкноттардың сериялық нөмірі – ВВ 5547994, бірақ басқа да нөмірлер болуы мүмкін екен.

"Қолдан жасалған банкноттар қорғалған қағазда компьютерлік техника пайдаланыла отырып жасалған, банкноттың бүкіл бетінде геометриялық фигуралар түріндегі сутамғы белгілері бар. Сонымен бірге оларда мифтік "Самұрық" құсы түріндегі сутамғы белгінің имитациясы бар",– делінген ҰБ таратқан хабарламада.

Бас банктің түсіндіруінше, ультракүлгін жарықпен қарағанда қолдан жасалған банкноттың көгілдір түсі болмайды. Мұндай банкноттардың түрлі-түсті талшықтарын қолдан ақша жасаушылар қолдан бояумен салады. 5000 теңгелік қолдан жасалған банкноттың түстері түпнұсқасына қарағанда көмескіленіп тұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу