"Жалған, абсурд": Мұрат Нұртілеу өзіне қатысты айтылған түрлі алып-қашпа әңгімеге жауап берді

Ол тіпті "бұл – пікір білдіруге тұрмайтын нәрсе" десті.  

"Жалған, абсурд": Мұрат Нұртілеу өзіне қатысты айтылған түрлі алып-қашпа әңгімеге жауап берді Фото: Ақорда

Сыртқы істер министрі өзі туралы түрлі сыбыстар айтылып, қаңқу сөздер жазылып жатқан уақытта жұмыста болғанын, түрлі кездесулер өткізгенін де ерекшелеп айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Шынымды айтсам, бұл – жалған, абсурд. Кейбір адамның көктем, күз кезінде сондай әдеті болады, бұл тіпті пікір білдіруге тұрмайды. Мен жұмыс орнымда отырдым, кеңестер өтті, өзге елдердегі әріптестеріммен телефон арқылы сөйлестім, инвесторлармен кездесулер болды, бәрі әдеттегідей, – деп қосты ол. 

БАҚ өкілдерінің "Сотқа жүгінесіз бе?" деген сұрағына жауап берді.

– Біз құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатырмыз, Қазақстан – зайырлы мемлекет. Арнайы органдар бар, қажет болса, солар айналысады, – деді министр.

Мұрат Нұртілеу журналистерге Президент Жолдауынан соң шетелге іссапарға шығатыны туралы да ақпарат беріп өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу