Жалған адвокат алаяқтық жасағаны үшін сотталды

168

Адвокаттық қызметпен айналысуға рұқсаты жоқ "К" есімді азамат қылмыстық істі тоқтатуға жәрдем беремін деп, күдіктінің туысын лауазымды тұлғаға пара беруге азғырғаны анықталған. 

 Жалған адвокат алаяқтық жасағаны үшін сотталды Фото: gov.kz

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен алаяқтық және лауазымды тұлғаға пара беруге азғырған жалған адвокат 4 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Күдіктінің туысы адвокаттың құқыққа қайшы әрекетін түсініп, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне жүгінген.

Жедел іс-шаралар жүргізу барысында "K" азамат 10 млн теңге көлемінде қаражат алу кезінде ұсталды.
Шымкент қаласының прокуратурасы азаматтарға алаяқтардан аса сақ болуды ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу