"Бұл жағынан оларды теңестіру қажет", – деді ведомсто басшысы.
Министр БАҚ заңнамасына неліктен "блогер" ұғымы енгізіліп жатқаны туралы айта отырып, олардың көпшілігінің аудиториясы, ресми тіркелген интернет-басылымдарға қарағанда көбірек екенін жеткізді.
"Бірақ бұл ретте ең үлкен жауапкершілікті телеарналар, одан кейін газеттер, одан кейін интернет-порталдар алады. Ал тіркеуі де, мәртебесі де жоқтар, ең төменгі жауапкершілікке тартылатындар, әрине, Қылмыстық-процессуалдық кодекс арқылы жауапқа тартуға болады, бірақ бұл ұзақ, күрделі", – деді министр.
Сондықтан блогерлер үшін де жауапкершілік енгізілмек.
Құралай Құдайберген