20 мамырда Қостанай облысы Әулиекөл ауданында азық-түлік дүкенінің сатушысы полицияға белгісіз ер адамның өзімен жалған 20 мың теңгемен сауда жасағанын жеткізген. Бұл туралы azh.kz хабарлайды.
Жігіт 900 теңгеге екі бөтелке шырын сатып алып, сатушы оған 19100 теңге ақшасын қайтарып берген. Теңгеге мұқият қараған сатушы ақшаның жалған екенін түсініп, дереу полицияға хабарлайды.
Жалған ақшаны пайдаланған жігіт кешікпей ұсталды. Оның айтуынша, жиырма мыңдық үйіндегі шын ақшалардың арасында жатқан кәдесый екен, сол ақшаны шатастырып алған көрінеді.
ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, ҚР ҚК-нің 190-бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмысы басталған. Ұсталушы басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу