Жалған арыз берген қыз 7 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін

899

Жалған арыз берген қыз 7 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін

Семейдің ішкі істер басқармасына жалған арыз түсірген жас қыз 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айрылуы мүмкін, деп хабарлайды altaynews.kz.

Басқармаға қоңырау шалған 19 жасар қыз автобуста қалтателефонын қолды қылғанын хабарлаған. "Телефонның бағасы 40 мың теңге болатын" деп атап көрсеткен. Алайда із суытпай іске кіріскен тәртіп сақшылары телефонды ешкім ұрламағанын, жас қыздың жалған арыз бергенін анықтаған. Ол тергеу барысында телефонды әлдебір танысына өзі сатып жібергенін мойындапты.

"Қазір осы оқиғаға қатысты, ҚР ҚК 419 бабына сәйкес, қылмыстық іс қозғалды. Жалған ақпар таратқан қыз бала 7 миллион теңге көлемінде айыппұл төлейді немесе үш жыл шартты түрде бас бостандығынан айрылуы мүмкін", – дейді облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу