Павлодар облысы Екібастұз қаласының қорғаныс істері жөніндегі бірлескен бөлімінің инспекторы істі болды. Ол отан алдындағы борышын өтемеген азаматқа жалған әскери билет жасап беруге оқталып, делдалдар арқылы800 мың теңге пара алған деп күдіктелуде.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалиннің мәлімдеуінше, қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
"Кінәсін толық мойындауына байланысты процестік ұстау қолданылған жоқ", – деді департамент директоры.
Арман Бердалин келтірген дерек бойынша, қорғаныс министрлігі жүйесінде 2018 жылы және 2019 жылдың 4 айында барлығы 49 сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс тіркеліп, 17 тұлға сотталған.
Қанат Махамбет