Жалған банкнотты қалай ажыратамыз?

938

Ұлттық банк жалған ақшаны қалай тануға болатынын түсіндірді.

Жалған банкнотты қалай ажыратамыз?

Қолдан жасалған банкнот пен нағыз ақшаны ажыратуда неге назар аудару қажет:

1. Банкноттың қағазы ерекше сықырлайды. Банкноттарда бедер беретін арнайы мөр бар. Бұл бедерді "Қазақ елі" монументі, банкнот номиналының әріппен берілген, архитектуралық бейнелер, Қазақстан картасы және "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген жазу салынған жерде байқауға болады. Банкноттардың барлығында қол сипағанда жақсы білінетін, шығыңқы бедерлі элементтер түріндегі, көруі нашар адамдарға арналған белгілер бар.

2. Содан соң банкнотты мұқият қарау қажет. Банкноттың түсі анық әрі контрасты болуға тиіс, сутамғы белгіні және номиналдың цифрлық бейнеленуін көретіндей етіп банкнотты жарық түсіріп қарау қажет. Осы сияқты жазуы бар үзік сызық түрінде банкноттың бетіне шығып тұратын тұтас магнитті және үзік-үзік жіпке назар аудару қажет, ол жарық түскен кезде жазуы бар тұтас жіп түрінде көрінеді.

3. Банкнотты сонымен бірге айналдырып қарау қажет. Номиналы 1000, 2000, 5000, 10000 және 20000 теңгелік банкноттарда түсі ауысып отыратын бояумен салынған сурет түріндегі бейнелер бар. Банкнотты қисайту бұрышын өзгерткен кезде бейнелердің түсі жасыл түстен алтын түстес түске дейін өзгереді. Номиналы 2000 және 5000 теңгелік банкноттардың сырт жағында голографиялық жолақ бар. Голограммадағы бейнелер құбылып тұрады және динамикалық әсері бар. Көрсетілген сезін, қара және айналдырып қара әдістері арнайы жабдықты пайдаланбай банкноттарды жылдам көзбен көріп тексеру үшін жеткілікті. Аталған әдіс 5 секундқа да жетпейтін уақыт алады және банкноттардың түпнұсқалығын тексеруге көмектеседі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу