Жалған генерал 7 жылға сотталды

887

Ол бұрын сотталған адамды ақталу үшін пара беруге итермелеген.

Жалған генерал 7 жылға сотталды

Биыл 20 шілдеде Ақмола гарнизоны Әскери сотының үкімімен өзін әскери генерал деп таныстырған А. Әмрин жазасын орта қауіпсіздік мекемесінде өтеумен 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Антикорға сілтеме жасап.

"Әмрин ысырап ету фактісі бойынша сотталушыны Семей гарнизонының Әскери сотының ақтау үкімін шығаруға сот жүйесінің лауазымды тұлғаларына 10 миллион теңге көлемінде пара беруге итермелегені және алаяқтық әрекеті үшін кінәлі деп танылды", – деп жазылған хабарламада.

Ал пара беруге оқталған сотталушы 8 жыл бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орташа қауіпсіз мекемеде өтейді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу