"Ақпараттық технологияның дамуына байланысты ғаламтор арқылы да келіп түскен хабарламалар бар. Мұндай фактілер 8% шамасында. Дәл осы қылмысты ашу көбірек уақытты қажет етеді, алайда мұндай қылмыс та жазасыз қалмайды. Мысалы, биыл Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлері электронды поштамен жалған хабарлама таратқан №34 мектептің оқушысын ұстады. Қазір тергеу жүріп жатыр", – деді Дархан Разуев.
Оның айтуынша, телефон арқылы терроризм туралы жалған хабарлама таратқан адам қоңырау шалған кезде дауысын өзгертсе де, сим-картасы мен телефонын ауыстырса да табылады.
"Құқық қорғау органдары заманауи техникалық құралмен жабдықталған.
Қылмыстың 90%-дан астамы ізі суымай ашылды", – деді Дархан Разуев.
Қанат Махамбет