Жалған кәсіпкерлік бабының жойылуы бизнеске үлкен жеңілдік жасады

1161

Жалған кәсіпкерлік бабының жойылуы бизнеске үлкен жеңілдік жасады

Жалған кәсіпкерлік бабын жойып, ол үшін азаматтарды қылмыстық жауапкершілікке тартпау, бұл кәсіпкерлер үшін үлкен жеңілдік болып отыр. Кәсіпкер Марат Баққұлов біздің арнамызға осындай пікір білдірді. Мәселен осыған дейін бұл бап өз күшінде болғанда, әрбір кәсіпкер өз серіктестерінің жұмысын жіті қадағалайтын. Яғни бірігіп бір істі бастағанда әріптестерінің "тазалығын", жалған кәсіпкерлікпен айналыспайтындарын аңдып отырулары керек болған. Себебі серіктесі бұл бап бойынша кінәлі деп танылса, айналасындағы барлық азаматтарда жауапқа тартылатын еді.

Марат Баққұлов, "Алматы желдеткіш зауыты" ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы:

"Кәсіпорындар жиі айыппұлдар арқалап жатады және бұл айыппұлдар өте үлкен соммадағы қаражат. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы заңның күшін жою үшін жасаған жұмыстары дұрыс болды. Салық төлеп отырған кәсіпорындардың 80 пайызы осы қақпанға түсіп, жауапкершілікке тартылып жататын. Егер бір адам заңды бұзса, әріптестерімен бірге емес, тек өзі жауапқа тартылуы керек."

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу