Жалған құжатпен шекарадан өтпек болған Түркия азаматтары ұсталды

826

Жалған құжатпен шекарадан өтпек болған Түркия азаматтары ұсталды

3 қараша күні таңғы сағат 05:00-те "Алматы" халықаралық әуежайының келушілер залында "Дубай-Алматы" рейсін рәсімдеу кезінде Түркия Республикасының үш азаматы қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Олар ұсынған Израиль азаматының құжаттары шекарашылардың күдігін туғызған. Аталмыш тұлғалар жалған құжат арқылы Қазақстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған.

"Құжаттарды терең зерделеу барысында мемлекеттік шекараны кесіп өту құқығын беретін төлқұжаттардың толығымен қолдан жасалғаны анықталды. Түркия азаматтары шекарадан өткізілген жоқ. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр" делінген шекара қызметі таратқан хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу