Ақмола облысында жүргізуші жалған құжатпен ұсталды

288

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырып, көлігін айып тұрағына жапты.  

Ақмола облысында жүргізуші жалған құжатпен ұсталды Фото: canva.com

17 қазан күні елордаға қарасты патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Астана – Қорғалжын автожолында Mercedes-Benz автокөлігін тоқтатты.

Тексеру барысында жүргізуші өзін Қырғыз Республикасының азаматы деп таныстырып, полицияға жеке куәлік пен жүргізуші куәлігін ұсынды. Алайда, тексеріс нәтижесінде құжаттардың жалған екені анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Патрульдік полиция қызметкерлері оның Қазақстан аумағында болу мақсатына және мемлекеттік шекараны кесіп өтуіне байланысты қосымша сұрақтар қойып, көші-қон қызметінің мәліметтер базасынан мұқият тексеру жүргізді.

Нәтижесінде, осындай аты-жөндегі шетелдік азаматтың Қазақстан шекарасын мүлде кесіп өтпегені белгілі болды. Осы жағдайдан кейін жүргізуші Целиноград ауданының полиция бөліміне жеткізілді.

Айта кетерлігі бұл азамат биылғы ақпан айында Екібастұз қаласында мас күйінде көлік басқарғаны үшін ұсталған. Екібастұз қалалық сотының шешімімен ол әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған болатын. Алайда заңды айналып өту мақсатында, ол Қырғыз Республикасының атына жасалған жалған жүргізуші куәлігін пайдалануға тырысқан. 

Сонымен қатар, жалған құжаттардың қай жерде және қандай жағдайда жасалғанын анықтау жұмыстары жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу