Жалған құжаттар жасайтын жасырын цех анықталды

1048

Заңсыз көші-қон арнасының жолы кесілді, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалған құжаттар жасайтын жасырын цех анықталды

ҚР ҰҚК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Шекара қызметімен бірлесе Петропавл қаласының тұрғындары ұйымдастырған заңсыз көші-қон арнасын анықтады.

Қылмысқа қатысы бар адамдардың жалған құжаттар жасайтын "жасырын" цех ашқаны әшкереленген. Ол жерде коронавирусқа байланысты карантиндік шектеулер кезінде Ресеймен мемлекеттік шекараны кесіп өтуге қажет құжаттар жасалған.

"Жүргізілген тінтулер барысында қазақстандық және ресейлік медициналық ұйымдардың мөрлері, облыстың клиникалық-диагностикалық зертханасы мен емханасының ПТР-тестілерінің қорытындылары алынды", – деп жазылған ҰҚК хабарламасында.

Қазір ҚР ҚК 394-бабының 2-бөлігі – адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаған заңсыз көші-қон фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу