Жалған құжаттар жазып берумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

754

Павлодар облысында "өзара есеп айырысу" туралы бухгалтерлік құжаттарды 4 жылдан бері заңсыз жазып берумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Жалған құжаттар жазып берумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Қылмыстық топ контрагент кәсіпорындарға салық төлеуден жалтаруға көмектесіп келген. Осылайша мемлекетке 500 млн теңгеден астам сомаға залал келтірген.

"Павлодар қалалық сотының үкімімен күдіктілер жалған шот-фактураларды жазу бойынша іс-әрекеттер жасауда кінәлі деп танылып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан, 5 жыл мерзімге қаржы және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылды",– деп жазылған агенттік хабарламасында.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу