Алматы облысында екі стоматологиялық клиника басшылығы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қаражатын заңсыз иемденген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Прокуратура жүргізген тексеру барысында мемлекетке 65,9 млн теңге көлемінде залал келтірілгені анықталды.
Анықталғандай, клиника басшысы пациенттердің дербес деректерін пайдаланып, медициналық ақпараттық жүйеге туа біткен патологиясы бар балаларға көрсетілмеген ортодонтиялық қызметтер туралы жалған мәліметтер енгізген. Осы деректер негізінде МӘМС қорының қаражатынан заңсыз төлемдер жасалған.
Прокурорлық тексеру материалдары бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2) тармағымен қылмыстық іс тіркелді.
Сот үкімімен кінәлі тұлға сотталып, мемлекетке келтірілген 65,9 млн теңге залал толық өтелді.