Жалған мемлекеттік нөмір үшін полиция қызметкері жұмыстан босатылды

931

Жалған мемлекеттік нөмір үшін полиция қызметкері жұмыстан босатылды

Талдықорған қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты полиция капитанына қатысты әкімшілік іс қозғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Іс материалдары бойынша, М-ді. полиция қызметкерлері көлікті жалған мемлекеттік нөмір тіркеп алып, жүргізіп жүргені үшін ұстады. Осы әрекеті арқылы ол Жолда жүру ережесінің 2.4.5 тармақтарын бұзды",-делінген Алматы облыстық сотының хабарламасында.

Сот қаулысымен полиция қызметкері кінәлі деп танылып, оған 1 жылға дейін көлік басқару құқығынан айыру туралы әкімшілік жауапкершілік қарастырылды. Құжат күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу