Жалған науқас дәрігерлердің сергектігін тексермек болған – Дәурен Абаев

1138

Министр төтенше жағдай тәртібін бұзғандар туралы ақпарат берді.

Жалған науқас дәрігерлердің сергектігін тексермек болған – Дәурен Абаев

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев өзін коронавирус жұқтырдым деп, өтірік ақпарат таратқан азаматтың неліктен ондай әрекетке барғанын айтты. 

"Бізде соңғы  тәулікте төтенше жағдай тәртібін бұзғаны үшін 124 адам жауапқа тартылды. Заңсыз жоғары бағада сатылып жатқан 40 мың маска мен 2000 литрден астам антисептик табылды. Тәртіп бұзғандар арасында бір азамттың әрекетін атап өткіміз келеді. Ол "Даму мед порталында" өзінде коронавирус бар деп көрсеткен. Бірақ жедел жәрдем дәрігерлері ол адамнан ешбір ауру белгісін таппаған. Кейін анықтағанда ол азамат жүйенің, дәрігерлердің жұмысын тексергісі келіпті. Әйтпесе ол еш жері ауырмаған, шетелге шықпаған, ауырған адамдармен байланыста болмаған. Сондықтан, ағайын, дәрігерлердің онсыз да ұйықтамай, үйлеріне қайтпай, жанын салып жұмыс істеп жүргенін түсінейік. Олардың уақыты өте бағалы, әр секунды санаулы", – деді министр кезекті онлайн-брифингте.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу