Жалған өнімнің басым бөлігі сүт және май өнімдеріне тиесілі

983

Жалған өнімнің  басым бөлігі сүт және май өнімдеріне тиесілі

Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов тұтынушылар құқықтарын қорғау мәселесі бойынша есеп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Жалған өнімнің басым бөлігі сүт және май өнімдеріне тиесілі. Осы салада өсімдік майы бар өнімдер табиғи өнім ретінде сатылған. Мысалы, 2 мың сүт және май өнімдерінің 29 пайызы  сапасыз деп танылған. Негізі, аталған тауарлардың көбісі Ресей, Беларусь, Украина, Қырғызстан мен Франциядан келеді", - дейді Елжан Біртанов.

Министрдің сөзіне қарағанда, осы уақытқа дейін халық жиі тұтынатын 42 мыңнан астам тауардың түрі санитарлық-эпидемиологиялық тексерістен өтті. Соның 10,3 проценті стандартқа сай емес болып шықты.

"Тамақ өнімдерінің 34 мыңнан астам сынамасы зерттелді. 224 сынама талапқа сай келмейді. Біріншіден, өндірушілер таңбалау ережелерін бұзады. Екіншіден, тауарлар қауіпсіздік талаптарына сай емес. Сосын өнімнің құрамына қатысты сан алуан тәртіпбұзушылықтар бар", - деп атап көрсетті Елжан Біртанов.

Ресми мәліметке сәйкес, тексерістердің нәтижесінде 20 тонна кондитерлік өнімдер, 11,2 тонна ет, 2,5 тонна сүт өнімдері, 1,2 тонна консервіленген жеміс-жидек және 160 партия алкогольдік өнімдер тәркіленді. Тоннадан асатын сапасыз ойыншықтар да анықталды. Ол ойыншықтардың басым бөлігі Қытай мен Түркиядан жеткізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу