Жалған ПТР анықтамасын жасаған Алматы әуежайының қызметкерлері ұсталды

897

Алматы Әуежайының екі қызметкері теріс ПТР сынақтарын жасағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Жалған ПТР анықтамасын жасаған Алматы әуежайының қызметкерлері ұсталды

Қамауға алынғандар шетелге шыққандар үшін теріс ПТР-сынақтарын жасаған. Осы уақытқа дейін барлығы шамамен 15-20 анықтама сатқан.

Ұсталғандар ПТР сынақтарын ұялы телефондағы арнайы қосымша арқылы өздері жасапты. Клиенттің жеке деректері мен анықтаманың берілген күнін түзетіп, жолаушыларды ұшаққа жіберген. Алынған қаражатты әуе компанияларының өкілдерімен бөлініп алып отырған.

"Қазіргі уақытта жедел-тергеу іс-шараларының кешені жүргізілуде, қамауға алынғандардың осыған ұқсас теріс ПТР сынақтарын жасаған фактілерге қатыстылығы анықталуда. Тиісті сараптамалар тағайындалды. "Сатушылар" ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128 бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу