Жалған шот-фактура берумен айналысқан астаналық тұрғын 4 жылға сотталды

353

Ол өзінің қылмыстық әрекетін жарты жыл іске асырған.  

Жалған шот-фактура берумен айналысқан астаналық тұрғын 4 жылға сотталды Фото: egemen.kz

Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті "Каз Монтаж Энерджи" ЖШС атынан 1 млрд-тан астам сомаға жұмыстарды, қызметтерді көрсетуді және тауарларды жөнелтуді іске асырмай, жалған шот-фактураларды жазып беру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Ұйымдастырушы 2021 жылдың желтоқсанынан бастап, 2022 жылдың маусымына дейінгі аралықта Астанада бір топ адаммен алдын ала сөз байласу арқылы "Каз Монтаж Энерджи" ЖШС атынан "ТазалыкЭксперт" ЖШС және Bertys Construction ЖШС-не іс жүзінде қызмет көрсетпестен шот-фактуралар жазып берген", – делінген ҚМА хабарламасында.

Соттың шешімімен аталған азамат 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу