Жалған шот-фактура жасаумен айналысқан павлодарлық тұрғын сотталды

511

Экономикалық тергеу департаментінің мәліметше, оған "коммерциялық құжаттарды заңсыз жасады" деген айып тағылған.  

Жалған шот-фактура жасаумен айналысқан павлодарлық тұрғын сотталды Фото: egemen.kz

Күдікті шаруа қожалықтарының деректемелері мен мөрлерін пайдаланған, деп жазады inbusiness.kz.

Осылайша астықты жеткізу туралы жалған шот-фактура жасап, кәсіпкерлерге заңсыз таратқан. Тергеу барысында шаруашылықтарда жайылымдық жерлер,  егіс алқаптары, тауарлар мен көліктерді сондай-ақ арнайы техниканы сақтайтын қоймалардың жоқтығы белгілі болды. Құжаттардың жалған екенін облыстық экономикалық тергеу департаменті анықтаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу