Жалған шот-фактура жүргізумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

673

Заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке 3,5 миллиард теңгеден астам көлемде залал келтірген.

Жалған шот-фактура жүргізумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеу басқармасы "СТОП-Обнал" жедел профилактикалық шаралар шеңберінде ұзақ уақыт бойы нақты жұмыс жасамай, қызмет көрсетпей және тауарларды жөнелтпей жалған шот-фактуралар жазумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды ҚР ҚМ ҚМК Баспасөз қызметі.

Күдіктінің достары мен туыстары атына тіркеліп, басқа да серіктестіктерге қызмет көрсетілді немесе тауар жеткізілді деген дерекпен 15 кәсіпорынды тіркеуге/қайта тіркеуге қала тұрғынының қатысқаны анықталды.

Заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке төленбеген салықтар мен бюджетке төлемдер түрінде 3,5 миллиард теңгеден астам көлемде аса ірі залал келтірген.

Тергеу амалдары ҚР ҚК 216-бабы 3-б. жүргізіліп, қазіргі таңда қылмыстық іс сотқа жолданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу