Шаруа қожалықтарының реквизиттері мен құжаттарын пайдалана отырып, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді орындамай, шот-фактуралар жазып берген бірқатар тұлғаларға қатысты қылмыстық істі ҚМА Жамбыл облысы бойынша Департаменті тергеуде.
Жалған шот-фактуралар субсидияланатын таңқурай түрлерін жеткізуге жазылып, кейін шаруа қожалықтарының атынан субсидиялар алуға электронды өтінімдер берілген.
Тексерулер нәтижесінде фермерлерде таңқурай егістік алқаптары жоқ болып шықты.
Аталған азаматтар мемлекеттен 800 млн теңгеден астам сомаға субсидия алған.
Алаяқтық фактілері бойынша 4 қылмыстық іс тіркелген.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.