Жалған түбіртекпен айыппұлдан жалтарған азамат 7 жылға сотталды

193

Сот үкімімен қала тұрғыны лауазымды тұлғаларға бірнеше рет пара бергені үшін 240,3 млн теңге көлемінде айыппұл салынған. 

Жалған түбіртекпен айыппұлдан жалтарған азамат 7 жылға сотталды Фото: vm.ru

Алайда, Нұра ауданы прокуратурасының талдауы барысында айыппұлдың мемлекет кірісіне толық түспегені анықталды.

Кінәлі тұлға 196 млн теңге көлемінде айыппұл төледім деп жалған түбіртек ұсынғаны белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Прокуратураның нұсқауымен сот орындаушысы айыппұлды бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы сотқа өтініш жасады.

Сот өтінішті қанағаттандырып, пара берушінің айыппұлы 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына алмастырылды.

Қазіргі уақытта жалған түбіртек ұсыну фактісі бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу