Жалған вакцина төлқұжатын сатып алғандар екпе алғысы келсе не істеуі керек?

1064

Бұл сұраққа ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Жалған вакцина төлқұжатын сатып алғандар екпе алғысы келсе не істеуі керек?

Егер тұрғын коронавирусқа қарсы вакцина төлқұжатын (паспортын) сатып алып, кейін екпе алғысы келсе, медициналық ұйымға жалған құжат алғанын растап, хат жазуы керек екен. 

"Өтініште вакцинация жазбасын Денсаулық сақтау министрлігі медициналық ақпараттық жүйесінен – "Вакцинация" модулінен алып тастауды сұрау қажет. Вакцинация жазбасын модульден алып тастау алгоритмге сәйкес – "Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығы" арқылы жүргізіледі. Жалған вакцинация жазбасы жойылған соң тұрғын медициналық ұйымда коронавирусқа қарсы екпе ала алады", - деп жазылған ақпарат агенттігіне берілген жауапта.

Ал жалған вакцина төлқұжатын сатып алғандар екпе алғаны үшін ақша төлей ме? Бұл сұраққа Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті "вакцинация тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында жүргізіліп жатыр" деп жауап берген.

Осыған дейін Қазақстанда жалған вакцина төлқұжатын сатып алғандарға "рақымшылық жасау" ұсынылған еді. Бастамашы топ құжатты сатып алғандар өз еркімен мұндай қадамға барғанын мойындап, екпе үшін ақы төлеуге тиіс деп санайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу