Жалған вакцинация төлқұжатын жасаудың 30 дерегі тіркелді

1008

Елде вакцинация төлқұжатын (паспорт) қолдан жасаудың 30 дерегі анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жалған вакцинация төлқұжатын жасаудың 30 дерегі тіркелді

Қаржылық мониторинг агенттігі жалған вакцинация төлқұжатын жасаудың 30 дерегін анықтады. 

Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департаментіне Жамбыл ауданы Аса ауылының емханасында вакцинация төлқұжатын заңсыз бергені туралы шағым түскен. 

"Тексеру барысында департамент қызметкерлері аталған емханада COVID-19-қарсы екпе салмай вакцинация төлқұжатын 15 мың теңгеге сату дерегі анықталды", - деп жазылған хабарламада.

Бұл дерекке қатысы бар адамдарды анықтау үшін үшін тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Агенттік қазақстандықтар мұндай жағдайға куә болған жағдайда + 7 7172 70-84-78 сенім телефонына немесе тұрғылықты мекенжай бойынша аумақтық департаментке хабарласуды сұрайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу