Жалған вакцинация паспорты мен ПТР-анықтамаға қатысты 62 факті анықталды

803

Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров әлеуметтік желі арқылы жалған вакцинация паспортын және ПТР-анықтама сату туралы 62 факті анықталғанын мәлімдеді.  

Жалған вакцинация паспорты мен ПТР-анықтамаға қатысты 62 факті анықталды

"Ішкі істер министрлігі мен оның аумақтық бөлімшелерінде жалған құжаттарды сату бойынша хабарландыруларды анықтау бойынша тұрақты мониторингтік топтар жұмыс істейді. Мәселен, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған вакцинация паспорты немесе ПТР-анықтама сату туралы 62 хабарландыру анықталды. Ақпарат оқшаулау үшін уәкілетті органға жіберілді", – деді Арыстанғани Заппаров.

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу