Жалған вакцинация паспорты мен ПТР-анықтамасына қатысты 110 қылмыстық іс қозғалды

1324

Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбектің мәлімдеуінше, қылмыстық істің 53-і вакцинация паспортына, 57-сі ПТР-анықтамаға қатысты болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жалған вакцинация паспорты мен ПТР-анықтамасына қатысты 110 қылмыстық іс қозғалды

"Жалған құжат дайындағаны үшін 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал оны пайдаланғаны үшін 40 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделген", – деді Шұғыла Тұрлыбек. 

Оның сөзінше, бүгінге дейін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған вакцинация паспортын немесе ПТР-анықтама сату туралы 68 хабарландыру анықталды. Ақпарат бұғаттау үшін уәкілетті органға жіберілді.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу