Жалған вакцинация паспортын әзірлегендер бас бостандығынан айырылады

731

Ішкі істер органдары ПТР-тестілеу нәтижесі мен вакцинация паспортын  қолдан жасаудың және оны пайдаланудың 30 фактісін әшкереледі. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Берікқызы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жалған вакцинация паспортын әзірлегендер бас бостандығынан айырылады

"Алматы қаласында адамдардың Сауд Арабиясы Корольдігіне кетуін рәсімдеу кезінде 143 вакцинациялау паспортын жаппай дайындауға қатысы бар туристік компания анықталды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, тінту іс-шарасы барысында ұйымдастыру техникасы, мөр, бланк өнімдері алынды, сот сараптамасы тағайындалды", – деді Шұғыла Берікқызы.

Оның айтуынша, жалған құжат дайындағаны үшін 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал оны пайдаланғаны үшін 40 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу