Жалған вакцинация паспортын жасау тоқтамай тұр

905

Түркістан облысының полицейлері жалған вакцина құжатын жасады деген күдікпен 2 аурухана қызметкерін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жалған вакцинация паспортын жасау тоқтамай тұр

Қазығұрт ауданының ПБ кезекші бөліміне белгісіз азаматтан шұғыл хабар келіп түскен.
Онда Қазығұрт ауданында 3 бірдей тұрғынның вакцинаның жалған құжатын
жасатқандықтары туралы айтылған.

Тәртіп сақшыларының тарапынан жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының
барысында қызметтік мүмкіндігін негізсіз пайдалану арқылы төлқұжаттарды қолдан
жасаумен және өткізумен айналысқан Қазығұрт аудандық ауруханасының 2
қызметкері анықталып, ПБ-ға жеткізілген.

Қазіргі таңда аталған жайт ҚК 385-бабы, яғни "Жалған құжаттарды, мөртабандарды,
мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк
наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу" қылмыстық құқық бұзушылығы
бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу