Жалған вакцинация паспортына қатысты 23 қылмыстық іс тіркелді

1096

Ішкі істер министрлігі жалған ПТР тест пен вакцинация паспортын қолдан жасау және пайдалану фактілерін әшкерелеу жұмысын жалғастырып жатыр. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Берікқызы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жалған вакцинация паспортына қатысты 23 қылмыстық іс тіркелді

"Тергеу бөлімшелерінің өндірісінде ПТР-тесті қолдан жасау, дайындау немесе өткізу бойынша қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша 42 қылмыстық іс болды. Вакцинация паспортын қолдан жасау фактісі бойынша осы уақытқа дейін 23 қылмыстық іс тіркелді", – деді Шұғыла Берікқызы.

Оның айтуынша, ішкі істер органдары жалған ПТР-анықтама мен вакцинация паспортын сату фактілерін анықтау бойынша түрлі жедел-іздестіру іс-шараларын атқаруда. Полиция қызметкерлері медициналық орталықтарды, емханаларды, вакцина алу пункттерін тексеріп жатыр.

"Ішкі істер министрлігі жалған құжат жасағаны үшін 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік, ал оны пайдаланғаны үшін 40 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырады", – деді Шұғыла Берікқызы. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу