Жалпы егіс алаңы 23,4 млн гектарды құрады – АШМ

620

Бұл былтырғы деңгейден 68,6 мың гектарға артық.

Жалпы егіс алаңы 23,4 млн гектарды құрады – АШМ Фото: primeminister.kz

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы туралы айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Бүгінгі таңда облыстар әкімдіктерінің жедел деректері бойынша көктемді дала жұмыстары Ұлытау облысын қоспағанда елдің барлық өңірінде аяқталды. Ұлытау облысында егіс кезеңінде жауын-шашынның көп боулына байланысты егіс жұмыстары созылды. Бұл жұмысты аптаның соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Биыл әкімдіктердің деректеріне сәйкес, жалпы егіс алаңы 23,4 млн гектарды құрады.  Бұл былтырғы деңгейден 68,6 мың гектарға көп. Оның ішінде жаздық егіс алқабы 20,9 млн гектарды құрады", - деді ол Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, масақты дақылдар 15,6 млн гектар алаңға егіліп, егіс толығымен аяқталды. 

"Майлы дақылдар алаңы бойынша жоспар 3,3 млн гектарды құрады. Жұмыстардың жоспары 97,7 пайызға аяқталды. Өткен жылмен салыстырғанда майлы дақылдар алқабы СҚО бойынша 50 мың гектарға, Ақмола облысы бойынша 17,4 мың гектарға, Абай облысы бойынша 12,4 мың гектарға ұлғайтылды. Ақтөбе облысында майлы дақылдар алқабы бойынша жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізілмеді. Ал, БҚО-да жоспарлаған өсімнің орнына 37,5 мың гектар, ал алаң 16 мың гектарға қысқарды", - деді ведомство басшысы. 

Ербол Қарашөкеевтің мәліметінше, картоп, қант қызылшасы, мақта және күріш егу жұмыстары толығымен аяқталған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу