Франкфуртта бокстан жастар арасындағы "Браденбург Кубогы 2018" халықаралық турнирі аяқталды. Бокс додасы шілденің 3-8 аралығында өтті деп хабарлайды Olympic.kz.
Германияда өткен турнирде Қазақстан жастар құрамасы 7 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.
49 келіде Махмұд Сабырхан, 56 келіде Бейбарыс Жексен, 60 келіде Рахат Сейітжан, Талғат Шайкен (64 келі), Сағныдық Тоғамбай (81 келі), Айбек Оралбай (+91) турнир чемпиондары атанды.
69 келідегі Ермахан Жакпеков күміс жүлде иеленсе, Нұрбек Оралбай еншісінде қола медаль бар. Жалпы есепте Қазақстан боксшылары бірінші орын иеленді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу