Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов еліміздің
әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші өзгергенін мәлімдеді.
Оның сөзінше, 2020 жылғы қаңтар-мамыр айларының қорытындысында
жалпы ішкі өнім 1,7%-ға төмендеген. Ал көрсетілетін қызмет 6,2%-ға қысқарған.
"Жылдық инфляция 6,7%-ды құрады. Дегенмен өндірістік секторда өсу жалғасып келеді. Қызмет көрсету секторы мамырдан бастап серпінді түрде қалпына келе бастады. Сауда балансының сальдосы да жоғары өсімді көрсетті", – деді Руслан Дәленов.
Қанат Махамбет
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу