Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова ел экономикасындағы банк секторының рөлі жыларман жағдайда екенін жариялады.
"Өмір сапасы басым жағдайда несиелеу есебінен қамтамасыз етіліп отыр. 2019 жылы тұтынушылық несие халықтың номиналды табысының өсімінен шамамен 15% артық болды. Ал несие ала берудің салдары әлеуметтік проблемаларды туындатады. Мемлекет тарапынан айтарлықтай көмектің болғанына қарамастан, кейінгі 5 жылда ел экономикасындағы банк секторының рөлі төмендеп барады. Жалпы ішкі өнімдегі банк секторының активі 40% азайды. 2015 жылы бұл көрсеткіш 60% тең еді. Жалпы ішкі өніммен есептегенде банктердің қарыз портфелі екі есе қысқарды. Проблемалық қарыз көлемі көбейіп келеді", – деді Наталья Годунова сенатта сөйлеген сөзінде.
Қанат Махамбет