"Жалпы құны – 600 мың теңге" : Әнші Балжан Бидаш анасының туған күніне қымбат сыйлық жасады

934

Танымал өнер иесі анасын туған күнімен құттықтап, ерекше бағалы сыйлықты тарту еткен. 

"Жалпы құны – 600 мың теңге" : Әнші Балжан Бидаш анасының туған күніне қымбат сыйлық жасады Фото: inbusiness.kz

Белгілі қазақстандық әнші Балжан Бидаш әлеуметтік желіде анасына ақжарма тілегін жолдап, оны туған күнімен қалай құттықтағанын оқырмандарына көрсетті. Бұл туралы inbusiness.kz сайты хабарлайды.

Сонымен қоса, отандық шоу-бизнес жұлдызы анасының туған күні екенін дәл тапқан жанкүйеріне ақшалай сыйлық беріп үлгерді.

“Достар, бүгін мен үшін – ерекше күн. Анашымның туған күні. Перзенттік парызымды өтей алмасам да, қолымнан келгенше қуантқым келеді. Оқырмандарыммен бірге сыйлық таңдайық”, – деп әнші тыңдармандарын қызықтырып қойды.

Сондай-ақ, Балжан Бидаш өзінің инстаграм парақшасында анасына әсерлі жазба қалдырып, туған күнді тойлау кешінен естелік видеоны жариялады.

Онда танымал өнер иесінің алдымен анасына сыйлық таңдап жүргенін көруге болады. Сондай-ақ, әнші сыйлыққа таңдау жасаған соң, гүл шоғын алып бірден анасына барған. Ол аяулы анасын қалай құттықтағанын қалың көпшілікке көрсетті.

"Анашым 100 жасаңыз. Қандай жетістігім болсын осы ата-анамның қолдауының арқасы. Тәрбие, білім, ақыл, еркіндік, таңдау бергендеріңізге рахмет! Тек ата-анаға қарыз болайық. Армандарыңызға жетіп, аналарыңызды қуанта беріңіздер. Бірақ оларға біздің бір телефон соғып көңіл бөлгеніміз де жеткілікті болуы мүмкін. Жұғысты болсын сүйікті оқырмандарым", – деп жазды Балжан Бидаш.

Айта кетсек, шоу-бизнес жұлдызы анасына бағалы брендтен аяқ-киім алып берген. Оның айтуы бойынша, сыйлықтың жалпы құны – 600 мың теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу