Жалпы өнім көлемі 5,5%-ға өсті

1556

Жалпы өнім көлемі 5,5%-ға өсті

Өткен жыл ауыл шаруашылығы үшін табысты жылдардың бірі болды. Жалпы өнім көлемі 5,5%-ға өсті, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Егіншілік саласында 23,7 млн тонна астық жиналып, 4 млн тоннаға артты. Көкөніс пен бақша дақылдары жарты миллион тоннаға көбейіп, 5,8 млн тоннаға жетті. Жалпы, өсімдік саласының өнімі 7,8%-ға өсіп отыр.

Мал шаруашылығындағы өсім 2,7%-ды, тамақ өнімдерінде – 4%-ды құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестиция 1,5 есеге артты. Яғни, 164 млрд-тан 256 млрд теңгеге дейін артты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу