Жалпы өңірлік өнім көлемі бойынша қай өңір үздік атанды?

596

Биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша республика бойынша жалпы ішкі өнім 23,6 трлн теңге болды.  

Жалпы өңірлік өнім көлемі бойынша қай өңір үздік атанды? Фото: egemen.kz

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда нақты мәнде 5%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап.

Жалпы өңірлік өнім көлемі бойынша ең жоғары өсім Алматыға тиесілі: бір жылда +13,9%. Көрсеткіш орташа республикалық мәннен 2,5 есе көп.

Одан кейінгі орындарда Ұлытау және Жетісу облыстары орналасты: сәйкесінше +13% және +11,4%. Қарағанды және Ақтөбе облыстарының нәтижелері көңіл көншітерлік деңгейде емес.

Ресурстың жазуынша, елдің ЖІӨ құрылымында ең көп үлес Алматы қаласында: биылға қаңтар-наурыз айларында 20,2%.

Бұл ретте басқа  өңірлердің көрсеткіштері айтарлықтай төмен. ЖІӨ-дегі үлесі бойынша бестік қатарында Атырау облысы (14,1%), Астана қаласы (10,3%), Қарағанды (6,9%) және Алматы (4,3%) облыстары енген. Республикада жалпы ішкі өнімдегі ең аз үлес Жетісу облысына тиесілі: 1,3%.

ЖІӨ-нің өсуіне Алматы айтарлықтай әсер етті.

Алматы қаласының ЖӨӨ құрылымында тауарлар өндірісінің үлесі – 8,1%, қызметтер – 83,3%.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу