Жалпыға бірдей декларациялауды енгізу мерзімі ауыстырылды

626

Тиісті заңға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Жалпыға бірдей декларациялауды енгізу мерзімі ауыстырылды

Жалпыға бірдей декларациялауды енгізу мерзімі ауыстырылды. Тиісті заңға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Ақпарат Ақорданың ресми сайтында жарияланған.

Ал заң мәтіні баспасөзде жарияланатын болады.

Еске сала кетсек, бұған дейін қаржы министрлігі үкіметке жалпыға бірдей декларациялауды 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізу жөнінде ұсыныс енгізген еді. Бірінші кезеңде мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары декларация тапсыруды бастайды. Екінші кезеңде, яғни 2023 жылдан бастап Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері табыс туралы декларациялауға көшеді. Бір жылдан кейін, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап-заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары қосылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу