Жалпықалалық сенбіліктің қорытындысы шығарылды

943

Жалпықалалық сенбіліктің қорытындысы шығарылды

Көктемгі экологиялық айлыққа 150 мыңнан аса қала тұрғыны, 4622 кәсіпорын, ұйым мен мекеме, соның ішінде 44 жоғары және орта арнайы оқу орны, 146 мектепке дейінгі және жарпы білім беру мекемесі, 74 денсаулық сақтау мекемесі, 161 мемлекеттік мекеме, ведомство мен ұлттық компаниялар қатысты. Сонымен қатар, 210 дана тиегіш пен 387 дана жүк көлігі, барлығы 425 аса автомашина мен басқа да мамандандырылған техника тартылды, деп жазады Астана әкімдігінің ресми сайты.

Сенбілік аясында жалпы ауданы 3 545 050 м2 саябақ пен парк аумағы жиналды, 10 777 көшет (қызыл тал, татарлық үйеңкі, қарағай, қайың, емен, пирамидалық терек, шетен) отырғызылды. Атап айтқанда:

- "Алматы" ауданында - 3 265 ағаш (Мичурино кентінде - 386 ағаш в поселке, Триатлон паркте 145 ағаш, Ш. Қалдаяқова к-сінде – 114, денсаулық сақтау және білім нысандарына 2 600 көшет берілді);

- "Есіл" ауданында - 3 900 ағаш (1200 ағаш Ұлы Дала даңғылында (Тұран даңғылынан Міңгілік Ел даңғылына дейін), "КазТрансОйл" АҚ - 150 ағаш, "Оператор РОП" ЖШС -50 ағаш, мектептерге, балабақшаларға және ҚР Қорғаныс министрлігінің қызметкерлеріне 2500 дана көшет берілді);

- "Сарыарқа" ауданында - 3 612 ағаш (612 түп ағаш отырғызылды: Сарыбұлақ бойында 300 дана, Н. Тілендиев даңғылының бойында 250, Сарыарқа даңғылында - 27, Қосшығұлұлы к-нде 35, ПИК, орта мектептердің, балабақшалардың ұжымдарымен 3000  түп ағаш).

Еріктілер мен қоғамдық ұйымдарды тарта отырып, өзендердің арнасын санитарлық тазартуды қамтамасыз ету мақсатында Есіл, Ақбұлақ және Сарыбұлақ өзендерінде экологиялық шаралар ұйымдастырылды.

Сенбілік барысында 2 559,68 тонна қоқыс жиналып, полигонға шығарылды, 349 рейс жасалды. 

Табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Есіл (Газмашаппаратура), Ақбұлақ (Еуразия университетінен ТЭЦ-2 дейін) өзендерінің арнасын тазалады.

Акцияларға Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің 150 аса студенті, сондай-ақ, қалалық бөлімшелердің әскери қызметкерлері қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу