Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы алға шықты

1537

Қырғыз Республикасында өтіп жатқан III Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы күні Қазақстан 7 алтын, 7 күміс, 5 қола медаль алды.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы алға шықты

Қырғыз Республикасында өтіп жатқан III Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы күні Қазақстан 7 алтын, 7 күміс, 5 қола медальмен жалпыкомандалық есепте көш бастады, деп хабарлайды BNews.kz.

Жалпыкомандалық есепте 5 алтын, 5 күміс, 8 қола медальмен Қырғыз Республикасы құрамасы екінші орында келе жатыр. Ал үшінші орынға 5 алтын, 2 күміс, 5 қола медальмен Түрікменстан құрамасы жайғасқан.

Одан кейінгі орындарда Ресей (3, 0, 4), Өзбекстан (2, 3, 7), Украина (2, 3, 1) құрамалары өзара бөліскен. Айта кетерлігі, Қазақстан құрамасының көш бастауына армрестлинг шеберлерінің мықтылығы себепші болып отыр. Жарыстың нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы 7 алтын және 5 күміс медаль иеленіп, жалпы командалық есепте ұлттық құраманы алға шығарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу