Жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты көңіл айтқан президенттер

560

12 маусымда Қазақстан өз тарихында 12-ші рет Аза тұту күнін жариялады.

Жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты көңіл айтқан президенттер

Жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты Президент Қ.Тоқаевқа көңіл айту жеделхаттарын жолдаған Мемлекет басшылары:

  • Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф
  • Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған
  • Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев
  • Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов
  • Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон
  • Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров
  • Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев
  • Ресей Президенті Владимир Путин.

Президент Қ.Тоқаев кеше "Абай облысындағы орман өртінің салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2023 жылғы 12 маусымда жалпыұлттық аза тұту жариялансын" деген өкімге қол қойды.

"Тілсіз жау" салдарынан 14 адамның мерт болғаны анықталды. Олардың бәрі орман шаруашылығының қызметкерлері.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу