Жалпыұлттық халық санағына онлайн қатысуға болады

1068

Халық санағынан өткені азаматтараға анықтама беріледі. 

Жалпыұлттық халық санағына онлайн қатысуға болады

Қазан айында өтетін жалпыұлттық халық санағында 32 500 санақшы еліміздің әрбір азаматына 84 сұрақ қояды. Берілген жауаптың барлығы қағазға емес, планшетке жазылады. 
Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, планшет сатып алуға 1 млрд теңге қарастырылған. Жалпыұлттық халық санағынан соң планшеттер білім және ғылым министрлігінің балансына беріледі. 

Статистика комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкелов қазан айында өтетін жалпыұлттық санақта қағаз қолданылмайтынын мәлімдеді.

"Сауалнама жауабы қағазға жазылмайды, планшетке енгізіледі", – деді ол. 

Комитет төрағасының сөзінше, 1 қазан күні басталатын жалпыұлттық халық санағына онлайн қатысуға болады. 

"Интервьюерлерді үйіне кіргізуді қаламайтын азаматтар sanaq.gov.kz сайтына кіріп, санақ парақтарын өз бетінше толтыра алады. Сайтта респонденттерге арналған түсіндірмелер мен арнайы виртуалды көмекші бар. Интернет-сауалнамамен қатар 1-30 қазан аралығында интервьюерлер жаппай сауалнама жүргізеді. Интернет арқылы мәлімет берген респонденттер интервьюерлер жүргізетін сауалнамаға қатыспайды. Сауалнамаға қатысқан азаматтарға халық санағынан өткені туралы анықтама беріледі", – деді Нұрболат Айдапкелов. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу