Жалпыұлттық санақ парағында бұған дейін қойылмаған сұрақтар болады

732

Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкеловтің айтуынша, жалпыұлттық санақ кезінде респонденттерге 91 сұрақ қойылады. 

Жалпыұлттық санақ парағында бұған дейін қойылмаған сұрақтар болады

Көпшіліктен пандемияға, коронавирус инфекциясына және екпе алуға қатысты жауап сұралады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Халық санағын өткізу үшін 91 сұрақтан тұратын санақ парағы әзірленді. Онда үй шаруашылығының әр мүшесі толтыратын "Жеке" санақ парақтары және елімізде уақытша жүрген шетелдіктер үшін арнайы санақ парағы бар. Санақ парақтарына халықтың көші-қоны, тіршілік қабілетін шектеу, пандемияның табыс деңгейіне әсері, коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылық және халықты вакциналау туралы жаңа сұрақтар енгізілді. Жұмыспен қамту, тіл меңгеру, мекен жағдайы және бала туу туралы сұрақтардың қатары кеңейтілді", – деді Нұрболат Айдапкелов. 

Ұлттық статистика бюросының басшысы шара шеңберінде барлық дерек
бірден орталық серверге жіберілетінін жариялады. 

"Ұялы байланыс желісі болған жағдайда серверге тікелей планшет арқылы, ұялы байланыс желісі нашар жерде жергілікті әкімдіктер қосылған мемлекеттік органдардың бірыңғай ортасы арқылы офлайн режимде жүзеге асырылады. Бұдан басқа барлық аумақтық статистика органдары қосылған IP VPN арнайы желісі бойынша дерек жөнелту мүмкіндігі бар. Санақ жүргізу кезінде азаматтардан алынатын барлық шифрланған ақпарат қорғалған байланыс арналары арқылы Ұлттық статистика бюросының орталық серверіне беріледі. Онлайн санақтың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету шеңберінде резервтік алаң (QazCloud) ұйымдастырылған", – деді Нұрболат Айдапкелов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу