Жалпыұлттық сауалнама: Таңдаулы 100 кітап анықталады

178

е-Gov Mobile қосымшасы арқылы таңдаулы кітаптар тізбегін жасауға сіз де үлес қоса аласыз.

Жалпыұлттық сауалнама: Таңдаулы 100 кітап анықталады Фото: stopfake.kz

Қазір төл әдебиетіміздегі танымал 100 туындыны анықтауға арналған жалпыұлттық сауалнама жүріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сауалнама осы жылдың 23-шілдесіне дейін жалғасады. Нәтижесі 10 тамыз – Абай күнінде жарияланады. Мақсаты – әр үйдің төрінде тұратын шығармаларды анықтау. Идея авторы – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин.

"Таңдаулы 100 кітаптың тізімін жасақтаймыз. Оның мақсаты – азаматтарды авторларды, туындыларды талқылауға шақыру. Сауалнама eGov Mobile порталы арқылы жүргізіледі. Кез келген еліміздің азаматы порталға тіркеліп, өзінің 10 сүйікті таңдаулы кітабын ұсына алады. Кітаптардың жанры әртүрлі болуы мүмкін. Осылайша, зерттеу жүргізе отырып, ең үздік 100 кітапты жасақтаймыз. Нәтижесі тамыз айында Абай күні қарсаңында жариялаймыз", - деді Ерлан Қарин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу